Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмысшы мамандықтар арасындағы әлем чемпионатына отандастарымыз тыңғылықты дайындалуда

  • 150
  • UPD: 23:29, 16.08.2019

Татарстанда жұмысшы мамандықтары арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазан қаласында болатын байрақты бәсекеге 63 елден 1500 өкіл барады. Оның ішінде 34 жерлесіміз бар. Олар бірнеше бағыт бойынша ел намысын қорғайды.

Аслан Қаженов, тілші: 

- Расымен де жұмысшы мамандықтары арасындағы жарыс спорттық сайыстардан кем емес. Бұл жерде белгілі бір уақыт аралығында нақты тапсырманы орындап үлгіру керек. Біліктіліктің де, ептіліктің де нағыз сыналар шағы. Осы арқылы worldskills қозғалысы соңғы жылдары кеңінен етек жайып, өте танымал болып келеді. Қазір 80 елдің кәнігі мамандары қатысады. 6 жылдан бері Қазақстан құрамасы  да осы сайыстарда бақ сынап келеді. 

Санжар Тәтібеков, WORLDSKILLS қозғалысы департаментінің директоры:

-Басында біз Бразилиядағы жарысқа қатыстық. Одан кейін Абу-Дабиде, биыл енді үшінші әлемдік чемпионатқа осы үшінші мәрте қатысуымыз. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жасақталды. Бұл 34 адамнан тұратын 31 құзіреттілік бойынша барлығымыз Қазанға ұшамыз. Қазіргі таңда дайындық жаман емес. 

Қазақстандағы «Кәсіпқор» холдингі ұлттық құраманы жасақтаудың нақты жүйесін қалыптастырды. Яғни, жыл басында әр өңір өз үздіктерін анықтайды. Одан кейін олар респуликалық бәсекеге қатысады. Сөйтіп, ел чемпионатында топ жарғандар ғана әлемдік аламанға жолдама алады. Қазір Қазан қаласында сынға түсетін жерлестеріміз соңғы дайындықтарын пысқытап жатыр. 

Александр бетцольд, әлем чемпионатына қатысушы:

- Елордадағы аграрлық университет базасында жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз әлем чемпионатына мехатроника құзіреттілігі бойынша қатысамыз және ел намысын абыроймен қорғаймыз деген ойдамын. Өйткені, үкімет тарапынан дайындыққа қажетті барлық жағдай жасалған. Қымбат құрылғылар сатып алынды. Шетелде оқу-жаттығу жинынын өткіздік. Енді ары қарай да тынбай еңбек етіп, артылған сенімді ақтауымыз керек.  

Қазандағы байрақты бәсеке 22 тамызда басталады. Биылғы додадан жерлестеріміз олжалы ораламыз деген сенімде. Оған тәжірибе де, шеберлік те жеткілікті дейді мамандар.

Аслан Қаженов, Нұрлан Оспаналы

Хабар 24 телеарнасы