389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

  • 517
  • UPD: 16:22, 27.09.2019
Қазақстанда Нан күні атап өтіледі Brown Eyed Baker

Қазақстандықтар қазан айында Нан күнін, ал қарашада - Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 691 қаулысына қол қойылды. Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 36-2-тармақпен толықтырылсын: «36-2. Нан күні – 16 қазан»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин

Хабар 24 телеарнасы