389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның жазаны өтеу мекемелерінде заң бұзушылық азаймай тұр

  • 135
  • UPD: 21:00, 03.10.2019
БҚО-ның жазаны өтеу мекемелерінде заң бұзушылық азаймай тұр

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесіндегі кемшіліктердің азаймай отырғанына алаңдаулы.

Жыл басынан бері өңірдегі жазасын өтеу мекемелеріне жүргізілген 7 тексеріс нәтижесінде 64 заң бұзушылық анықталып, 31 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Бүгінде түрмеге түрлі тыйым салынған заттар, соның ішінде ұялы телефон мен арақ-шараптың, есірткінің еркін енуіне бөгет болмай отыр. Ал сотталғандардың телефон арқылы сырттағы криминальды  әлеммен байланысуы жаңа қылмыстардың жасалуына, алаяқтық әрекеттердің көбеюіне әкеп соққан. Осы 9 айда жазасын өтеушілерден 234 телефон тартып алынған. Колонияда бейнебақылау және басқа да жазу құралдарының жеткіліксіздігінен жазасын өтеушілерге тиісті бақылау да бәсең көрінеді. 

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Бұл сол жерде жұмыс жасайтын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан солдаттарының сол жерде немқұрайлы қарауы. Яғни прокурорлық тексеріс нәтижесінде тиісті уәкілетті органдарға  бұзушылықтарды жіберген қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілді.

Хабар 24 телеарнасы