389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жол ережесін бұзу тыйылмай тұр

  • 81
  • UPD: 12:17, 11.10.2019
Жамбыл облысында жол ережесін бұзу тыйылмай тұр

Жамбыл облысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы тиылмай тұр. Тізгіншілердің жауапсыздығынан облыста жыл басынан бері 18 адам қаза тауып, 98 адам түрлі дене жарақатын алған.

Қазір өңір полицейлері жол қауіпсіздігін қатаң бақылауға алды. Алдын алу мақсатында 7  күндік  «Автобус» жедел шарасы өткізіліп жатыр. Жол сақшылары бір күнде 200-ден астам жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Олардың басым көпшілігі жылдамдықты асырып, тізгінде отырып телефон арқылы сөйлескен. Сонымен қатар пайда табу мақсатында автобустарды қайта жабдықтау деректері жиілеген. «Бұл жазатайым оқиға кезінде жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді» дейді полицейлер. 

Мұрат Байсеркенов, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Қоғамдық көліктердің тарапынан ауаға шығарылатын улы заттарды шығаруда нормасынан асқан 32 автокөлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Автопарктердің иелеріне қатысты департамент тарапынан үш автопарк иелеріне ұсыныс жолданады.

Хабар 24 телеарнасы