420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік дәрігер өзбек, қырғыз, украиналықтардың ағза мүшелерін қалталы науқастарға сатқан

  • 1342
  • UPD: 22:31, 20.11.2019

Шымкент клиникалық ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын заңсыз трансплантациялады деп айыпталуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу дерегінше қылмыстық топ 2017 жылдан бастап жұмыс істеген.

Ал бас дәрігер Абылай Донбай бүйректі ауыстыру бойынша жасырын операциялар жүргізіп келген көрінеді. Хирург жағдайы жоқ шетелдік азаматтардан бүйрек сатып алып, оны қалталы шетелдік науқастарға өткізген-мыс

Абылай Донбай есімді хирург дәл осы қалалық ауруханада адам ағзасын алып-сатумен айналысқан. Тергеушілердің болжамына сай, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинадан келгендер бүйрек доноры болған. Материалдық жағдайы ауыр азаматтар амалсыз өз органдарын саудалаған. Ал «тірі тауарды» сатып алушылардың көбі алыс шетелден келген Израильдің қалталы азаматтары дейді мамандар.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы:

– Биыл 18 қарашада ІІМ Тергеу департаментімен «адам ағзаларын заңсыз трансплантациялау» бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Абдужаппарұлы Донбай уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қоғамды дүр сілкіндірген істің анық-қанығын тергеу аяқталғанша ашып айтпайды. Алайда, тұрақты ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтың ел аумағында 2017-2018 жылдары әрекет еткені белгілі. Ол кезде медициналық мекемеге Мади Бегалиев жетекшілік еткен. Ал осы жылдың ақпан айында оның мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты «өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал ұсталған дәрігер Абылай Донбай сол кезде оның орынбасары болған.

Шымкенттегі хирургпен бірге трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен шетелдік бірнеше азамат ұсталды. Қылмыстық топ мүшелері алдын ала сөз байласып, адам органдарын алып-сату бойынша заңсыз операциялар жүргізген.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова.

Хабар 24 телеарнасы