427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін

  • 1134
  • UPD: 11:51, 05.12.2019
Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Мұздың еруіне байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады.

«Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын. Қауіпті деңгей – 665 см (судың өзен арнасынан шығуы). Шекті деңгей – 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы