413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз біргеміз» челленджіне спорт саласының өкілдері де үн қосты

  • 506
  • UPD: 19:30, 26.01.2020

Велоспорттан Олимпиадалық даярлау орталығының ұжымы демалыс күні қолдарына күрек алып, әлеуметтік нысандардың маңындағы омбы қарды тазалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жаяу жүргіншілер мен мүмкіндігі шектеулі жандар жүретін жолдарды аршуға басымдық берді. Елордада алдағы күндері де қар жауып, желдің екпіні күшейеді деп күтіліп отыр. Сондықтан спортқа жауапты мамандар бұл бастаманы тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.

Нұрлан Жүсіпов, Олимпиадалық даярлау орталығы операциялық бақылау қызметінің басшысы:

- Біздің ұйым бұл акцияны бір жолға ұйымдастырып отырған жоқ. Алдағы уақытта да әлеуметтік нысандар мен мұқтаж жандарға көмектесуге дайынбыз. Олармен хабарласып отырамыз. Кез келген уақытта қолдау көрсетуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы