423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі қоғамдық тамақтану орындарында кемшіліктер анықталды

  • 507
  • UPD: 20:59, 07.02.2020

Шымкентте санэпид қызметі қоғамдық тамақтану орындарын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мамандар 106 нысаннан заңбұзушылықтар анықтады. Дәмханалар мен мейрамханалардың азық-түлік сақтау талаптарын өрескел бұзатындығы әшкереленді. Сондай-ақ қызметкерлердің медициналық кітапшалары да жоқ болып шықты.

Марина Низовкина соңғы рет кафеден тамақтанған сәтін ұзақ есте сақтары анық. Өйткені ас үстелінде шыбын-шіркей мен түрлі жәндіктерді байқаған оның тәбеті қашып, бірден ұшынады. Тұтынушы өзімен табақтас болған бунақденелілер және бауырымен жорғалаушылардың бейнежазбасын әлеуметтік желіге салған.

Марина Низовкина, қала тұрғыны:

– Ас мәзірінде көрсетілген тағам түрлерінің көбісі болмай шықты. Даяшы бізде азық-түлік таусылып тұр, сатып алуға енді барамыз деп жауап қатты. Туристер ағынын көбейту жоспарланған мегаполистің мейрамханасына бұл сылтау мүлдем жараспайды. Ал жиіркеніш сезімін тудырған тарақандардың жүруі бөлек әңгіме.

Әлеуметтік желіде әйгілі болған әлгі мейрамхана қызметкерлері жәндіктердің жиі қонақтайтынын растап отыр. Бірақ дереу улап, залалсыздандыру шараларын жүргізетіндіктерін айтады.

Қалада санитарлық талаптарды сақтамайтын дәмханалардың саны жүзден асып жығылады. Құрт-құмырсқаны ас мәзіріне қосуды ұмыт қалдырған кафелерде бұдан өзге былық жетіп жатыр.

Алмат Қосалиев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары:

– Сол жердегі жұмысшылардың медициналық тексерістен өтпеуі, дезинфекциялық режим сақталмауы және де дайын тағамдардың сақталу талаптарының бұзылуы, азық-түлік сақталуының бұзылуы сол сияқты заңбұзушылықтар анықталды.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, қаладағы барлық тамақтану нысандарына күйе жағуға болмайды. Кіршіксіз тазалықты басты ұстаным еткендер де баршылық. Жалпы Шымкентте аш жүрмейсіз, сүйсініп тағам жейтін орындар жетерлік. Тек қызмет көрсету жағы жақсартуды қажет етеді. 

Блиц:

– Тойға қазір күнде барамыз ғой. Бәрі жақсы сияқты.

– Клиент үшін әрекет жасайды. Ешқандай жаман деген нәрсені айта алмаймын. Бәрі орнында, эстетика, қызмет көрсету жағы.

Шымкент шаһарда қаз-қатар ондаған мейманхана орналасқан көшелер бар. Олардың әрқайсысы кемінде 200 адамды қабылдай алады. Үлкен тойханалар тіпті мыңға дейін қонақ сыйғызады. Санэпид мамандары бұл нысандарды жылына бір рет тексереді. Ал 50 адамдық шағын дәмханаларды тек арыз-шағым түссе ғана мазалауға рұқсат.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Катерина Попкова, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы