431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы жүзеге аса бастады

  • 220
  • UPD: 13:50, 09.02.2020
Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы жүзеге аса бастады

Елімізде биылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы жүзеге аса бастады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алматы облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту қорына бүгінге дейін жалпы құны 2 жарым миллард теңге болатын 17 жоба келіп түскен. Тағы осыншама жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жалғасы іспетті. Өңірде бүгінге дейін мыңға тарта жоба жүзеге асты. Оған 203 млрд. теңге жұмсалды. Сонымен қатар кепілдендірілген несие желісі бойынша 12 млрд.теңгеге 316 келісімшарт жасалды. Басымдық берілген жобалар, әрине, өңдеу өнеркәсібі мен сауда және ауыл шаруашылығы саласына қатысты болып отыр.

Әлия Нұғманова, кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының бас менеджері:

– Өз ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер бұған дейін 20 миллион теңгеге дейін ала алатын болса, қазір ол 60 миллион теңгеге өсті. Ал айналымдағы қаржыны толықтыру 60 миллионнан 180 миллионға дейін көтерілді. Бұл бірінші бағытқа қатыстысы. Екінші бағыт бойынша 360 миллион теңгеге дейін өскенін айта кетейік. Жобаларды қайта қаржыландыру бағытында оң өзгерістер бар.

Хабар 24 телеарнасы