411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қанша жас жұмыс істейді

  • 187
  • UPD: 12:48, 03.03.2020
Қазақстанда қанша жас жұмыс істейді zi.ua

Қазақстанда 10 жастың төртеуі сауда, көлік жөндеу, ауыл шаруашылығы және білім саласында қызмет етеді, деп хабарлады finprom.kz.

2019 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанның еңбекке қабілетті жастары (15-28 жас аралығындағы жастар) 2,2 миллион адамды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Ал 1,3 млн жас жұмысшылар құрамына кірмейді.

Жастардың көпшілігінде (946,7 мың адам) тек орта кәсіби білімі бар. 851,2 мың жас жоғары білім алған. Ал  249,9 мың адам ​​тек жалпы орта біліммен шектелген. 775 адамның тек бастауыш білімі бар.

Өңірлер бойынша жұмыспен қамтылған жастар Алматы облысында (281,9 мың адам), сондай-ақ Алматы қаласында (258,7 мың адам) және Жамбыл облысында (205,2 мың адам) көп шоғырланған. TOP 5 аймақтың құрамында Шығыс Қазақстан (178 мың адам) және Түркістан (177,8 мың адам) облыстары бар.

Жастардың көпшілігі сауда және көлік жөндеу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және білім беру салаларында жұмыс істейді. Ал жастардың өте аз бөлігі су және электр энергиясы саласында.

Хабар 24 телеарнасы