476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ХҚКО құжат тапсырғандар 28 наурызға дейін құжаттарын ала алады

  • 627
  • UPD: 17:06, 26.03.2020
ХҚКО құжат тапсырғандар 28 наурызға дейін құжаттарын ала алады

Халыққа қызмет көрсету орталығына 21 наурызға дейін құжат тапсырған адамдар құжаттарын сол орталықтан 28 наурызға дейін ала алады.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте мәлімдеді.

«Президенттің тапсырмасымен Қазақсандағы барлық қалаларда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда мемлекеттік қызметтің 80 пайызынан астамын egov.kz порталынан алуға болады», - деді министр.

Елімізде жақын арада онлайн қызметтер саны артатынын айтып өтті.

Қазіргі уақытта бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымша, телеграмм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Сонымен қатар 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейнебайланыс арқылы да қолжетімді.

«21 наурызға дейін құжат тапсырған адамдар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады. Одан кейін әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде жасайды», - Д.Абаев.

Хабар 24 телеарнасы