412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ережені елемеген 12 кәсіпкер жауапқа тартылды

  • 238
  • UPD: 20:22, 31.03.2020
ШҚО-да ережені елемеген 12 кәсіпкер жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты 30 дерек тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның ішінде 12 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамалды. 7 ойын сауық орнының иесіне 10 АЕК мөлшерінде  айыппұл салынып, тағы 7-еуіне қатысты әкімшілік іс сотқа жолданды. Соның бірі қорқор қызметін ұсынатын мейрамхана иесі кешкі оннан кейін де жұмыс істеп келген. Ол 15 тәулікке қамалды.

Талғат Шаяхметов, облыстық ПД бастығының орынбасары:

– Мәселен, Аягөзде қауіпті індет тіркелді деп жалған хабарлама таратқан әйел адам 5 тәулікке қамалды. Ал Глубокое ауданының  тұрғыны дәрігерлердің оқшаулану туралы міндеттемесін орындамай, мекенжайында болмай шыққан. Оған 10АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондықтан тұрғындарды төтенше жағдай режимін сақтауға және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы