411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің тоз-тозы шығып барады

  • 146
  • UPD: 10:22, 06.04.2020

Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің тоз-тозы шығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір халықаралық жол жарылып, ой-шұқырлар көбейіп кеткен. Салдарынан күре жолда апатты жағдай қалыптасып отыр. Тәулігіне 10 мыңға жуық көлік қатынайтын транзиттік жолдың сапасына жүргізушілер тарапынан шағым көбейген.

Бақытжан Сатаев, жүргізуші:

Былтыр мұндай емес етін. Биыл мүлдем жаман екен. Тас-талқаны шыққан. Сапасы жоқ. Міне, кеше шыққам бүгін әлі келе жатырмын. Жолдың осы жамандығынан келе жатырмын. Әрең келе жатырмыз. Машинамыз шашылып кетті.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Міне, бұл Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік жолының қазіргі жағдайы. 5-10 метр сайын шұңқыр. Қараңыз! Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүйіткитін халықаралық жолда көліктер ептеп қана қозғалып келеді.

Зұлқар Олжабаев, жүргізуші:

- Халықаралық стандартқа сай емес енді бұл. Басқа қалаларға қарағанда өте нашарлау осы Қордай өңірі. Ауданның жолы. Мынаны қарасаңызшы. Барлығы қатты шұңғыр.

Ұлықбек Екубжанов, жүргізуші:

- Нашар бұл жақтың бәрі. Көрініп-ақ тұр ғой. Түссең әрең өтесің 5-4 жылдамдықпен әрең жүріп жатырмыз. Болғанына 4-5 жыл болды ғой бұған. Әр жерде шұңқыр. Балоның шыға алмай қалатындай болып тұр ғой. Дискіні сындырып, сөйтіп жүрміз ғой.

Әсіресе, автомагистральдің Шу, Қордай жолайрығының тұсы тозып кеткен. Өңір арқылы өтетін 495 шақырым жолдың Жуалы, Байзақ ауданындағы бөлігінің жағдай да мәз емес. Күтіп ұстауға және орташа жөндеу жүргізуге жауапты мекеме қызметкерлері кемшіліктің барын жоққа шығармайды. Айтуларынша, жолдың бүлінуіне табиғи факторлар мен ауыр жүк көліктері нөпірінің артуы себеп болған көрінеді.

Дәурен Төлтаев, «Қазавтожол ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Ыстық асфальт, суық асфальт бетон беретін зауыттар іске қосылғаннан кейін ол жердің бәрін біз күтіп ұстау жұмысы аясында қалпына келтіреміз. Ол жерде 50-60 квадрат шұңқырлықтар бар. Бетонның үстінде. Өткенде біз бірсыпыра жөндеп өттік. Жұмыстар жалғасын табады.

Қанша жерден жөнделді дегенмен тақтайдай тегіс жолды көрмедік. Ия, биылғы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компания анықталып қойыпты. Республикалық бюджеттен 203 млн теңге де бөлінген. Мамандар «жұмысты сәуір айында бастаймыз», деп сендіріп отыр. Бірақ әзірге халықаралық жолдың сапасы халықаралық талаптарға сай болмай тұр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы