417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістаннан Беларуське орамжапырақтар экспорттала бастады

  • 218
  • UPD: 23:22, 16.05.2020
Түркістаннан Беларуське орамжапырақтар экспорттала бастады inform.kz

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға қатысты кедергілер мен тосқауылдар алынып тасталды.

Өңірдің диқандары 500 тонна орамжапырақты Беларуське сату бойынша келісім жасап, алғашқы 200 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шығып кетті, хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістандық шаруалардың бірі Хусейн Бабуров күніне 40-60 тонна өнімін экспортқа жіберуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып Беларусь еліне жетеді деп жоспарланған. Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық экспортты саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді.

Хабар 24 телеарнасы