432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында бүтін бір ауыл қоқыстан қиындық көріп отыр

  • 363
  • UPD: 22:18, 18.05.2020

Қоқыс полигоны қараусыз жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жел көтерілсе ұшып, иісі ауылға жетіп жұрттан маза қашады. Қостанай ауданының Ульянов елді мекенінің тұрғындары осындай шағым айтты.

Бақылау болмаған соң қоқысты әркім қалай болса, солай төгеді, дейді олар. Полигон иелерінің де айтар өз уәжі бар. 

Мағауия Қалиев, тілші:

– Мынау қоқыс полигоны Ульянов ауылынан шамамен 3-4 шақырым жерде орналасқан. Жаңбырдан кейін шаң-тозаң байқалмағанымен, жел көтерілсе болды, қағаз, қалбыр, судырлар жағалай үшып, шашылады екен. Іргесіндегі көлді де тұрмыс қалдықтары ластап жатыр дейді жергілікті тұрғындар.

Николай Комаров, Ульянов ауылының тұрғыны:

– Жағалай шашылған қалдықтар, мал жаюға қиын . Полигон бола берсін, бірақ бізге тазалықты сақтағаны керек

Владас Моркевичус, Ульянов ауылының тұрғыны:

– Қыста полигонға жете алмай, қоқысты жол бойына төкті. Қар кеткесін, оның бәрі қылтиып, жер бетіне шықты.Жел  тұрса, пакет, қағаздар жер-көкті алып кетеді.

Бұл – ауыл ішіндегі көрініс. Әр жерде тау-тау үйілген тұрмыс қалдықтары, көң-қоқыс.

Гүлнәр Бекбосынова, Ульянов селолық округінің әкімі:

– Қасымызда полигон бар, бірақ қоқысты ол жерге техникасымен тасымалдайтын адам таппадық. Сосын жалпы жиналыста бұл міндетті жеке тракторы бар ауыл тұрғынына жүктедік. Әр отбасы 500 тенгеден төлеп,ол аптасына екі рет қоқыс шығаратын болып келісілді.

Алайда әп-әдемі басталған істің аяғы сұйылып кеткенге ұқсайды. Ауылдың бүгінгі жағдайы соған дәлел. Қаңтар айынан бері тракторшы қоқыс  тасымалдауды тоқтатқан. Ал қалада тұратын полигонның қазіргі иесі одан құтылғанша асық.

Ренат Зинатов, жекеменшік коммуналдық кәсіпорын өкілі:

– Мониторинг, есеп-қисабы, топырақты зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрды. Бірақ полигонда  ештеңе істелген жоқ десе болады.Себебі қаладан 80 шақырым қашықта. Бұл бізге ыңғайсыз және тиімсіз.

Бұл кісіні қазіргі иесі деп отырғанымыз, жақында қоқыс полигоны басқа кәсіпорынның меншігіне өтпек. Әлі заңды түрде рәсімделмесе де, жаңа иелері тұрмыс қалдықтарын төгетін  алаңды тәртіпке келтіру жұмыстарын бастап та кетіпті.

Алексей Пресный, жекеменшік коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары:

– Айналасындағы топырақ бөгеті биіктетіліп, оның үстінен темір тормен қоршалады.Талапқа сай жан-жағын  көгалдандырамыз. Оның сыртында жергілікті 15-20 шақты тұрғынды тұрақты жұмысқа алып, қоқысты сұрыптайтын боламыз. Бір-екі айда бәрін тәртіпке келтіреміз деген ойдамын.

Яғни, ульяновтықтарға иіс, қоқыстан арылатын күн жақын деп сенейік. Ал облыстағы қалған полигондардың жай-күйі қалай?

Ерлан Есенеев, облыстық экология департаментінің бас маманы:

– Қостанай облысында  266 қалдық орналастыру обьектісі бар. Осы Қостанай облысы бойынша 70 проценті, экологиялық талаптарға сай келеді. Талапқа сай келмегендер ол енді алыс ауылды елді мекендерде орналасқан. Қоршауы жоқ, жерлері қопсытылмаған.

Былтыр экологтар 8 тексеріс жүргізіп, 3 әкімшілік іс қозғаған. Екі коммуналды кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылған.         

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы