419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөздік мектеп түлектері көпбалалы анаға баспана алып берді

  • 569
Аягөздік мектеп түлектері көпбалалы анаға баспана алып берді

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының бірнеше мектеп түлегі көпбалалы анаға баспана кілтін сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы әр түрлі білім ордасын 2010 жылы тәмамдап шыққан олар алғашқыда 10 жылдық кездесу өткізуді жоспарлаған екен. Ол үшін қомақты қаражат та жиналып, дәстүрлі кеш ұйымдастырмақ болған. Алайда ысырапқа жол бермей, кездесуді басқаша есте қалдыруды жөн санапты. Сөйтіп ізгі ниетпен жарымжан ұлы бар, ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап жүрген 5 баланың анасы Гүлмира Ысқақоваға 3 бөлмелі үй сатып әперген. Қазір тағы бір отбасын баспанамен қамтуды жоспарлап отыр. Бастамашыл топ бұл игі шараны өзге де мектеп түлектері жалғап әкетеді деген сенімде.

Әйгерім Бейбітқызы, мектеп түлегі:

– Біздің игі ісіміз болашақта артымыздан келе жатқан жастарға сабақ болсын. Әр отбасыға жақсылық сыйлап отырайық.

Хабар 24 телеарнасы