418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО әкімі халықты той жасамауға шақырды

  • 283
  • UPD: 10:18, 27.06.2020

Батыс Қазақстан облысында да эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз.

Дегенмен жағдай бақылауда. Аймақта әр тәулік сайын 30-дан аса адамның қатерлі індет жұқтыратыны анықталды. Мемлекеттік медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек пен жеке қорғану құрлдары жеткілікті. Қала бойынша 22 жедел-жәрдем жасағы жұмыс жасап жатыр. Дегенмен жекеменшік дәріханаларда кейбір дәрі-дәрмек түрлерінің жетіспеушілігі бар. Атап айтқанда, парацетамол, аспирин және бактерияға қарсы ерітінді тапшылығы байқалды. Біз денсаулық сақтау министрлігімен, жеке компаниялармен байланыстамыз. Келер аптада осы мәселе толығымен шешімін табады дейді өңір басшысы.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

- Науқастардың санының өсуі әрине бірінші кезекте адамдардың жауапкершілігіне байланысты. Барлық жерде айтып жүрміз, көпшіліктің қатысуымен той өткізбеу керек. Кейбір біздің азаматтар өкінішке қарай түсінбей жатыр. Немқұрайлы қарайды. Егер жеке бизнестің ғимаратында өткізілсе, олардың қызметін тоқтатып, айыппұлды сот арқылы салу мүмкіндігі бар. Бірақ үйлерінде өткізіп жатса, ол жеке кісілердің өз мойнында болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы