430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шалғайдағы ауылдарда интернет қашан қосылады

  • 570
  • UPD: 16:29, 26.08.2020
Шалғайдағы ауылдарда интернет қашан қосылады

Тұрғын саны 250-ден аспайтын ауылдар қашан интернетпен қамтамасыз етіледі?

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко ОКҚ брифингінде айтты.

Қазіргі уақытта 882 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілмеген.

«Біздің ведомство экономика министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп тұрғын саны 250-ден аспайтын ауылдықтық жерлерге талдау жүргізді. Қазіргі уақытта олардың ішінен 243 елді мекен таңдап алынды. Оларға 2021-2023 жылдар аралығында кең жолақты интернет желілері орнатылады», - деді.

Қазіргі уақытта еліміздегі 6459 елді мекеннің 4646-сы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін тұрғын саны 250 адамнан асатын ауылдық жерлерді интернетпен толық қамтамасыз ету жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы