426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі назарға алынды

  • 241
  • UPD: 15:16, 06.09.2020
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі назарға алынды

Жолдан өткенде қауіпсіздікке мән беру маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның да өз ережесі, тәртібі бар. Дәл осы тәртіп Ақтөбеде жаяу жүргінші жолдарына жазылып жатыр. Әзірге мұндай ескертпе мектептер мен балабақша және өзге де әлеуметтік нысандар жанындағы 30 көшеде пайда болған. Жалпы биыл мұнда жасөспірімдердің қатысуымен 68 көлік апаты болып, үш бала қайтыс болған.

Еркін Өтеген, облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы:

– Былтырғымен салыстырғанда, балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы 43 пайызға азайып отыр. Бірақ оған қарамастан жұмыстар жалғасуда. Патрульдік полиция жасақтарын жақын маңға қойып жатырмыз. Балаларға жаяу өтпеден өтуін көрсетіп, көмектесіп жатырмыз. 40 жерге жаяу өтпелер қоятын боламыз. Бұл өтпелердің басқа қасиеті түнде жарық беріп тұрады, өзі күн сәулесінен қуат алады.

Хабар 24 телеарнасы