424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денсаулық сақтау министрі қашықтан оқытудың жалғасу себебін түсіндірді

  • 200
  • UPD: 12:33, 10.09.2020
Денсаулық сақтау министрі қашықтан оқытудың жалғасу себебін түсіндірді

Коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынының алдын алу үшін кейбір шектеу шаралары сақталады. Оның ішінде 1-тоқсанда қашықтан оқыту форматы сақталады.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ брифингінде айтты.

«Бұл – мәжбүрлі түрде болған шара. Қазіргі уақытта жеңілдету жағын да қарастырып жатырмыз. Бірақ ол кезең-кезеңмен жүргізіледі», - деді министр.

Айтуынша, онлайн режимде білім беруді сақтап қалу мына себептерге байланысты қабылданған:

Жабық жерде көптеген адамның бірге отыруы коронавирус жұқтыру қаупін жоғарылатады;

ДДСҰ ақпараты бойынша, 12 жасқа дейінгі балалардың коронавирусты жұқтыру қаупі төмен болғанымен, олар инфекцияны таратады. Ал 12 жастан асқан балалар коронавирусты белсенді түрде таратады. Тіпті инфекцияның көзіне айналуы мүмкін;

Арақашықтық сақтау үшін балаларды бірнеше уақыт бойы бір орында ұстап тұру мүмкін емес;

Білім беру мекемесінде коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелсе, жақын қатынаста болғандар саны көп болады. Мысалы, сыныпта бір оқушы ауырса, барлық сынып және мұғалім 14 күндік карантинге жіберіледі. Сонымен қатар тығыз қатынаста болған отбасы мүшелері де бар. Одан басқа да адамдармен байланысқан болса, жұқтыру қаупі бар адамдар саны тіпті көбейеді.

Наурыз айынан бері Қазақстанда 2418 бала коронавирус жұқтырған. Олардың 98 проценті жазылып шықты. 34 бала емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы