429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашта қураған ағаштар өнер туындыларына айналады

  • 110
  • UPD: 00:54, 22.09.2020
Балқашта қураған ағаштар өнер туындыларына айналады

Балқаш қаласындағы қурай бастаған ағаштар енді өнер туындыларына айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек пәнінің мұғалімі мен оқушылар орталық саябақтағы қураған теректерден  ертегі кейіпкерлерін жасап жатыр. Көп ұзамай мұнда Томирис, домбыра, үкі мен феникс құсы сынды ұлттық нақышты дәріптейтін бейнелер болады. Бұл жоба осыдан 11 жыл бұрын басталған. Сол кезде 20-ға жуық мүсін жасалған. Алайда қазір оның төртеуі ғана сақталған. Енді жаңадан тағы 15 жаңа өнер туындысы қосылады.

Қанат Тілеубекұлы, Ы.Алтынсарин атындағы №25 орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі:

- Қолдан келгенді аянбай жұмыс істеп жатырмыз. Бүкіл өнерімді осы қалаға салып келемін. Мына авторлық жұмысым Президенттің мәдени мұраны жаңғырту бағдарламасы бар ғой. Сол себепті балаларымыз осыны көріп, біліп жүрсін деп жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы