427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі баласына алимент төлемеген елордалықтың көлігі тәркіленді

  • 270
  • UPD: 19:46, 28.09.2020
Екі баласына алимент төлемеген елордалықтың көлігі тәркіленді

Екі баласына алимент төлемей, екі миллион теңге қарыз болып қалған елордалықтың басы дауға қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2012 жылдан бері соттың шешімін орындамаған оның көлігі тәркіленді. Ол бұл көлігін бір жыл бұрын сатып жіберген. Бірақ құжаты рәсімделмген. Сатып алушы тек сенімхатпен жүріпті. Енді ол да көлік иесінен ақшасын өндіру үшін сотқа жүгінбек. Сот орындаушылар болса алимент төлеушінің өзі іздеуде екенін айтады. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылды. Енді 1 ай ішінде аукцион өткізіліп сатылуы тиіс.

Дәурен Аймақов, қалалық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары:

– Екі миллионнан астам қарызы бар. Соттың шешімін орындамай жүрген. 2012 жылдан бастап сот үкімі шықты. 1000-нан астам төлемей жүргендер бар.Соларды біз полиция қызметкерлерімен бірге іздеудеміз. Соттың шешімі шығып, оларға іздеу жарияланып жатыр. Қазіргі иесі азаматтық түрде сотқа шағымданып, өндіріп ала алады.

Хабар 24 телеарнасы