427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус жұқтырған

  • 185
  • UPD: 10:56, 30.09.2020
Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус жұқтырған

Елде оқу жылы басталғалы 104 оқушы коронавирус жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 33-і кезекші сыныпта білім алып жүрген. Індет жұқтырған оқушылармен байланыста болған 500-ден астам адам бақылауға алынып, олардың жетеуі вирус жұқтырып үлгергені анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ал 71 оқушы қашықтан оқып жүріп жұқтырған. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам тексерілді. Өкінішке қарай, 15-нен вирус анықталды.

Министрдің айтуынша, егер оқу жылы офлайн режимінде басталғанда, жұқтырған бала саны бұдан да көп болып, ата-аналар мен ұстаздар арасында да жұқтыру дерегі еселеп артуы мүмкін еді. Кезекші сыныптарда індет жұқтыру дерегі көбейгендіктен, өңір басшылары қатаң санитарлық шаралар қабылдауы тиіс дейді министр.

Хабар 24 телеарнасы