422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында карантин күшейтілді

  • 301
Жамбыл облысында карантин күшейтілді

Жамбыл облысында соңғы күндері коронавирус жұқтыру дерегі жиілеген. Осыған байланысты өңірде бүгіннен бастап тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылды.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің шешімімен түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар далаға шықпауы тиіс. Аймақта ойын-сауық орталықтары, караоке-бар, компьютер клубтары және жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдарының жұмысы тоқтатылды. Ал демалыс және мереке күндері сауда орталықтары мен азық-түлік базарлары жұмыс істемейді.  Облыста спорттық, көпшілік және отбасылық шараларды өткізуге қатаң тыйым салынған. Мамандар жұртты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырып отыр. Індеттің таралуы осылай жалғаса берсе,,, блок бекеттер қайта қойылуы мүмкін.

Алмас Садубаев, қала әкімінің орынбасары:

- Соңғы екі-үш аптада қайтадан көбейіп келе жатыр. Өткен аптаның өзінде 5 адам тіркеліп отыр. Әрине бұл алаңдатын шаруа. Өйткені олардың көбісі симптомсыз анықталып отыр. Олардың және де қасында болған, араласқан отбасы мүшелерінің бәрін карантинге жауап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы