422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Щучинск бағытындағы Абайдың «әнін салатын» әуезді жолаққа қанша ақша жұмсалды?

  • 189
  • UPD: 19:01, 29.10.2020

18 секундқа ұласатын әуезді жолақ. Щучинск мен елорданы жалғайтын ақылы жолда Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған әуезді белгі орнатылды. Бірақ оның нақты қайда екенін табу жүргізушілерге оңайға түспейді.

Бақыт Топтаева, тілші:

- Көпшілік жатқа білетін Абай әнін есту үшін көліктің іші сілтідей тынуы тиіс. Сондай-ақ радиоқабылдағыштың дыбын басу керек. Көлік доңғалағының жолдағы жиекке, музыкалық жиекке дөп басқанын қадағалау керек. Айтыңызшы, қанша қалды?

– а міне, жетіп қалдық. 

– Қазір естиміз...

Ия, әуенді жиекке нұсқайтын белгі болмағандықтан амалсыз ҚазАвтожол маманын бірге ала шықтық.  Ол межелі тұсты көрсетті.  Онысы Щучинск-Нұр-Сұлтан ақылы трассасының төлем жасайтын бекетінен бірнеше шақырымдық жерде екен.  Сөйтіп, жақындаған кезде барымызды салып әуенге құлақ түрді.

Ия, еміс-еміс естілген әуен той өтіп жатқан көрші ауылдың гуілі сияқты әсер қалдырды.

Әуезді жолдың шетелдік үлгісін ғаламтордан іздеп көрген едік, Венгриядағы жолдың мынадай жазбасына тап болдық.   

Қарапайым ноталарға құралған мажарлардың әуен анық естіледі екен.  Абайдың "Көзімнің қарасы" музыкалық жолақ үшін тым күрделі болуы мүмкін. Десе де сырттан анығырақ естілер деген үмітпен жол шетіне шығып тағы да құлақ түрдік. Бірақ қар астында көміліп қалған жиекті ешкім басып өтпеді. 

Данияр Әбуов,  «Қазавтожол» ҰК» АҚ департаментінің  бірінші санаттағы маманы:

- Көліктің ішінен дыбысты естідік, енді сырттан кеп естиік десек, мына жүргізушілер басып өтіп, қалай естіледі екен сырттан деп бақылай келсек, ешкім өтпей жатыр? Не себепті, бұл белгінің жоғынан емес пе?  Жоқ, ол белгінің жобадан емес... Негізі көріп тұрсыз, қазір ауа райы қалай болып тұр. Қар жауып осы жолақ көрінбей жатыр. Сол себептен деп ойлаймын.

- Алда Абайдың әнін естуге мүмкіндік бар деп, хабардар болатындай белгі қойыла ма?

– Ия, әрине, қазір жол белгінің проектін қарастырып жатырмыз. – Ол қашан қойылады?

– Он, жиырма күн аралығында.

Осы кезде арғы бетте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін көзіміз шалды. Әуезді жолақты іздеген болар деп топшыладық. Жалпы қанатқақты жоба құны 4 млн теңге. Ол әуенді математикалық тұрғыдан есептеп, суық пластик төсеуге жұмсалған. 400 метр жолақ  18 секундқа ұласатын әуенге тең. Оны есту үшін жолақты сағатына 90 шақырым жылдамдықпен басып өту керек. Жоба мақсаты жолдағы жылдамдықты төмендете отырып, жүргізушілерді әуезді жолақ көмегімен сергіту.

Бақыт Топтаева, Асхат Ниязов, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы