422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мал базарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

  • 125
Түркістан облысында мал базарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Түркістан облысында мал базарларының жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ санитарлық-дезинфекциялық талапты күшейтіп, әлеуметтік арақашықтық сақтау міндеттеледі. Жаңа қаулыға сәйкес облыс аумағындағы мал базарлары сыйымдылығын 30%-тен асырмай, аптаның жұмыс күндері жұмыс істейді. Бұған дейін өңірдегі барлық мал базарының жұмысына шектеу қойылған еді. Бұл өз кезегінде мал саудасын негізгі табыс көзіне айналдырған шаруалар мен сатушылардың наразылығын тудырды. Өңірдегі мал базарларының ашылуын талап еткен бір топ адам бүгін облыс әкімдігі ғимаратының алдына жиналған еді. Алайда аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болмағандықтан, қаулыдағы басқа талаптар өзгеріссіз қалды.

Айдарқұл Ахметов, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Малды әкеліп сатушылар немесе сатып алушылар кіретін кезде олардың дене температурасын өлшеу үшін жауапты мамандар бекітілуі керек. Оларды маскасыз базар аумағына кіргізбеу керек. Базар аумағында күнделікті тазалау, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы