418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде заңсыз сатылымдағы пиротехника тәркіленді

  • 114
Семейде заңсыз сатылымдағы пиротехника тәркіленді

Семейде полицейлер құтқарушылармен бірге қала базарларын аралап, заңсыз сатылымдағы пиротехникалық тауарларды тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, сатушылардың басым көпшілігінде петарда-фейерверк сатуға рұқсат құжаты болмай шыққан. Кәсіпкерлердің жарылғыш заттарды сақтау ережелерін ескере бермейтіні де құзырлы орган қызметкерлерін алаңдатып отыр. Үш күндік іс-шара кезінде 3 адамға хаттама толтырылып, әрқайсына 70 мың теңгеден айыппұл салынды.

Саида Торайғырова, қалалық ТЖБ бас маманы:

- Пиротехникалық бұйымдарды таңдау кезінде ең бірінші мұның қорабының бүтіндігіне, бүлінбегеніне ерекше көңіл аудару керек. Сақталу мерзімі жасалған уақытына ерекше назар аудару қажет. Заңсыз 3 сатушыны анықтады, оларға қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды, істері сотқа жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы