420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жоғалған 3 жасар бүлдіршін табылды

  • 76
  • UPD: 11:25, 31.12.2020
Түркістан облысында жоғалған 3 жасар бүлдіршін табылды

Түркістан облысының полицейлері адасқан үш жасар бүлдіршінді отбасына қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.

Кешкі сағат 21:30-да Темірлан кентінің аудан орталығы көшелерінің бірінде Ордабасы АПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары саябақта адасып қалған кішкентай қызды байқады. Полицейлер Тимур Манабаев пен Еламан Спабеков табылған сәби туралы дереу кезекші бөлімге хабарлап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Тәртіп сақшылары жоғалған баланың ата-анасын іздеуге дереу кірісті. Олар қыздан қайда тұратынын сұрауға тырысты, бірақ нақты жауап ала алмады. Содан соң полиция жаяу жүргіншілер мен дүкен иелерінің және жол бойындағы тамақтандыру орындарын тексеруге кірісті. Жақын маңдағы полиция пунктеріне хабар берді.

Жарты сағаттан кейін полиция қызметкерлеріне жоғалған қыздың атасы келді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам түсіндіргендей, немерелерімен бірге «Арбат» саябағына серуендеп, бір сәтте немересінен көз жазып қалған. Учаскелік инспекторлар табылған үш жасар қызды аман-есен атасына қайтарды. Өз кезегінде аудан орталығының тұрғыны қырағылық танытып, жоғалған немересін жедел тауып алған тәртіп сақшыларына үлкен алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы