369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте тойға барған 11 адам астан уланды

  • 231
  • UPD: 15:31, 07.08.2018

Шымкент қаласында тойға барған адамдар астан ұшынды. Тамыздың 5-інен 6-ына қараған түні шаһардағы жұқпалы аурулар ауруханасына 11 адам жеткізілген.

Олардың барлығы бір мейрамханада болған. Ақ халаттылар науқастарға жедел ішек инфекциясы диагнозын қойып отыр. Қазір бұл оқиға бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Баян Рыстаева, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Тойханаға барған кезде ол жерде түрлі салаттар жедік дейді. Балық жеген көбіне. Қымыз ішкен. Ол науқастардың 11нің ішінде. 3 науқас шығарылды. Қазір ауруханада 8 науқас қалып отыр. Бәрінің жағдайы тұрақты. Орта дәрежелі ауырлықта.

Ержан Пайызбеков, қалалық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекші маманы:

-Аталған жайт, сотқа дейінгі тексерудің біріңғай тізіміне, санитариялық қағидалар немесе гигиеналық нормативтердің бұзылу бабымен тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысындағы өрттен орман қорықшысы көз жұмды Қостанай облысында газдан уланған үш жұмысшы қаза тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы