369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда түнгі клубтың алдында екі қызды көлік қағып кетті

  • 254
  • UPD: 13:52, 15.09.2018

Петропавлда автокөлік екі бойжеткенді қағып кетті.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі түнгі клубтардың бірінің маңында болған жол апаты оқиғасын растады. Келеңсіз жағдай таңғы сағат 4:30-да болған.

«Лексус» автокөлігінің жүргізушісі екі қызды қаққан жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп түсіндірді баспасөз қызметінен. Зардап шегушілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, екеуі де ауыр халде. Бойжеткендердің бірінің жабық бас сүйек-миы зақымдалған.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Астанадағы «Шанхай» базары маңынан әйел адамның мәйіті табылды Алматыдағы музыка фестивалінде адамдардың үстіне сахна құлады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы