360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада науқасты аяусыз тепкілеген дәрігердің ісі полицияға берілді

  • 406
  • UPD: 19:34, 03.10.2018
Астанада науқасты аяусыз тепкілеген дәрігердің ісі полицияға берілді

Астанадағы орталық темір жол ауруханасында науқасты көк ала қойдай қылып сабаған дәрігердің ісін полиция тексеріп жатыр.

Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған брифинг кезінде емдеу мекемесінің бас дәрігері айтты. Одан бөлек, аурухана басшылығы да осы келеңсіз жайтқа қатысты ішкі тексеріс тағайындаған. Белгілі болғаны – науқасты аяусыз тепкілеген терапевт-дәрігер осы ауруханада 3 жылдан бері қызмет етеді. Төбелестен кейін дереу жұмыстан қуылыпты. Дәрігердің мұндай қылық танытуына емделушінің өзі де түрткі болуы мүмкін. Өйткені әлгі науқас дәрігерге мас күйінде қаралған көрінеді.

Сергей Демочкин, қалалық орталық темір жол ауруханасының бас дәрігері:

- Емделуші дәрігерге тіл тигізіп, балағаттаған. Намысына тиетін сөздер айтқан. Ізінше, төбелеске шақырып, жұдырық сілтеген. Осыдан кейін аурухана қызметкері науқасты амалсыз соққының астына алды.

Орталық темір жол ауруханасында болған осы оқиғадан кейін денсаулық саласына жауапты мамандар Астанадағы барлық емдеу мекемелерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға көшті. Сала басшылары бұл жұмыс алдағы аптада аяқталады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы