389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жанармай тасығыш көлік апатынан жүргізуші қаза тапты

  • 546
  • UPD: 10:52, 09.11.2018

Қызылорда облысында жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Шиелі-Тайқоңыр автожолының бойында орын алған. Мұнай тасымалдаушы «КамАЗ» жүргізушісі көлікті басқара алмай, шұңқырға аударылған. Соның салдарынан 10 тонна мұнай 60 шаршы метр аумаққа жайылып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт оқиғасы тіркелмегенін айтады. Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы