378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда полиция теміржол вокзалын қоршауға алды

  • 336
  • UPD: 16:51, 09.01.2019
Қостанайда полиция теміржол вокзалын қоршауға алды

Иесіз қалған сөмке Қостанайдағы теміржол вокзалын қоршауға алуға мәжбүрледі.

Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады.

«Сағат 13:37-де облыс тұрғынынан вокзал маңындағы дүкеннің жанынан қара-көк түсті иесіз сөмкенің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар тиісті шараларды жүргізу үшін вокзал аумағын қоршауға алды»,- деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Тексеру нәтижесінде сөмкенің иесі анықталды. Ішінде жеке тұтынуға арналған заттар болған.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы