378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ер адам көлік астына түсіп, ақша бопсаламақ болған

  • 247
  • UPD: 12:21, 29.01.2019
Алматыда ер адам көлік астына түсіп, ақша бопсаламақ болған Liter.kz

Алматыда белгісіз ер адам көлік астына түсіп, ақша бопсаламақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бұл арам ойын бейнежазбадан анық аңғаруға болады. Көліктің таяғанын күтіп тұрып, жолға жүгіріп шыққан. Абырой болғанда, жүргізуші дер кезінде тізгінді тежеп үлгерді. Бірақ соған қарамастан азамат жерге құлап, жарақат алған кейіп танытқан. Тіпті тәртіп сақшылары келгенше жолда жатып алды. Алайда камераның көмегімен оның бұл құйтырқы әрекеті әшкереленіп, жауапқа тартылды. Кейін белгілі болғандай, ол ішімдік ішкен екен. Ал жол ережесін бұзбаған жүргізуші жауаптан босатылды.

Хабар 24 телеарнасы