384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс салдарынан 3 адам ауыр жарақат алды

  • 1446
  • UPD: 15:31, 24.06.2019
Арыстағы жарылыс салдарынан 3 адам ауыр жарақат алды

Арыс қаласында болған жарылыстардан зардап шеккендердің алғашқы легі тез арада Шымкенттегі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, зардап шеккендердің қарасы 10 адамға жуықтайды, олардың қазір үшеуі ауыр жағдайда.

«Адамдар қазірдің өзінде келіп жатыр, оларды қабылдаймыз және дереу қажетті көмек көрсетеміз. Біз зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз», – деді Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.

Оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан 34 адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы