384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда автобус анасы мен екі баласын соғып кетті

  • 293
  • UPD: 14:27, 03.07.2019

Қостанайда шойын жолдан жанар-жағармай тиелген цистерна аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алматы қаласында автобус анасы мен балаларын соғып кетті. Сорақысы сол, қоғамдық көліктің жүргізушісі болмаған. Куәгерлердің айтуынша, ол өздігімен жүріп кеткен автобусқа секіріп мінген. Бірақ үлгермеді. Қатты соққыдан екі баланың біреуі ауыр жарақат алды. Анасы да ауруханға түсті.

Жанар-жағармай цистернасы аударылды

Қостанайда шойын жолдан жанар-жағармай тиелген цистерна аударылып қалды. Тергеу мәліметтері бойынша, жерге 10 тонна сұйықтық төгілген. Арнайы бригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. «Бұл басқа бағыттағы пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ», – мамандар.

Көлік ұрлаған қылмыстық топ қамалды

Алматыда жеңіл көлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Криминалдық полиция қызметкерлердің айтуынша, мамыр айында екі бірдей қымбат Toyota Land Cruiser Prado көліктері жоғалып кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында осыған қатысы бар деген күдікпен 5 адам қамауға алынды. Олар Алматы, Жамбыл, Түскістан облыстарының тұрғындары олып шықты. Ал ұрланған көліктер иесіне қайтарылды.

Телефон ұрлаған азамат ұсталды

Өскеменде полицейлерден ұялы телефон ұрлығы үшін ұсталған жігіт қашып кете жаздады. Тәртіп сақшыларына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің оның 4 байланыс құралымен бірге сырт киімін киіп кеткені туралы шағым түсірген. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні сауда үйінің жанында қолға түсірді. Бірақ ол сол жерде ізін суытпақ болды.

Ақша ұрлаған Қырғызстан азаматы ұсталды

Алматыда жұмыс берушісінен 164 мың доллар ұрлаған Қырғызстан азаматы ұсталды. 34 жастағы қала тұрғыны қомақты ақшасын гаражға тығып қойған. Оны монша салуға жалданған жұмысшы тауып алып, кетіп қалған. Күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Есірткі дайындап, тасымалдаған екі адам ұсталды

Жамбыл облысында есірткі дайындаушы мен тасымалдаушы қолға түсті. Полицейлер 27 жастағы азаматты Меркі ауданының құмды аумағынан ұстады. Күдікті жабайы түрде өсіп тұрған марихуананы жинап жүрген. Орылған өсімдіктің салмағы – 615 келі. Ал есірткі тасымалдаған адам Шу ауданында қолға түсті. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Абай ауылының маңында жеңіл көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жүк салғыштан 15 келі кептірілген марихуана табылды. Күдіктілер кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы