386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорықшыларды атқан браконьерлер іздестіріліп жатыр

  • 169
  • UPD: 18:11, 23.07.2019

Ақмола облысында екі қорықшыға қарақшылық шабуыл жасалып, салдарынан біреуі қаза тапты.

Оқиға бүгін сағат 11:00 шамасында Жарқайың ауданында болған. Қызмет бабында жүрген қорықшылар сол аумақта тұрған «Нива» автокөлігін тексермек болғанда оларға оқ атылған. Ал қарақшылар қашып кеткен. Қорықшылардың біреуі 1976 жылы туған азамат ауруханаға жетпей көз жұмды. Оның артында 4 баласы қалды. Екінші жараланған қорықшы қазір Жарқайың аудандық ауруханасында ауыр халде жатыр. Ал қылмыскерлер іздестірілуде.

Махамбет Досмұратов, Жарқайың аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Жарқайың аудандық ауруханасында жатқан екінші қорықшы Оспанов Самат Қошкелдинович 1975 жылғы тумасы, Жағдайы ауыр, тұрақты. Бақылау барысында нашарлаусыз. Облыстық мамандар қарап жағдайын тағы да бағалап, соған сәйкес республикалық санавиация келген соң консилиум жүргізіп, соған сәйкес облыстық көлемде немесе аудандық ауруханада емделу жағы шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы