386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


101 млн теңгені жымқыруға атсалысқан экс-шенеунік айыппұлмен құтылды

  • 123
  • UPD: 11:37, 06.09.2019
101 млн теңгені жымқыруға атсалысқан экс-шенеунік айыппұлмен құтылды kaztag.kz

Бюджеттің 101 миллион теңгесін жымқыруға атсалысты деп айыпталған Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары айыппұлмен құтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпаннан бері қамауда отырғаны ескерілген Жандос Әбішевке 3 миллион теңгені 3 айда төлеу мүмкіндігі берілді. Ал оның інісі Елдар Әбішевке 5 жыл шартты жаза тағайындалды. Тергеу мәліметінше, Елдос Әбішевтің фирмасы мүгедектерге арналған арбаларды сатып алу тапсырыс ұтып алған. Алайда жүре алмайтындарға арналған арбалар сапасы төмен болған. Ол арзан арбаның бағасын қымбаттатып көрсеткен. Бұл істе оның лауазымды қызметтегі ағасы Жандос Әбішев оны қолдаған. Тергеу орындары оған кәсіпкерлік іске заңсыз араласты деген айып тақты.

Әлия Жошева;судья:

Кінәларын толық мойындады, оған қоса, келтірілген шығынды толтырды. Сот осыны ескере отырып, жеңілдетілген жаза беруді шешті. Әбішев Жандостың қылмысы орта дәрежелі болғандықтан, оған жазаны айыппұл ретінде тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы