384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада болған ірі көлік апатынан көз жұмғандар саны төртке жетті

  • 334
  • UPD: 15:00, 22.11.2019
Қызылордада болған ірі көлік апатынан көз жұмғандар саны төртке жетті

Қызылордадағы ірі жол көлік оқиғасынан зардап шегіп, ауруханаға түскен бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

5-сынып оқушысының бас сүйегі зақымданып, оң жақ саны мен сол жақ жіліншігі сынып кеткен. Ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен баланың өмірі үшін дәрігерлер бар күшін салғанымен, оны ажалдан арашалау мүмкін болмады. Қазір баланың анасы да ауыр халде жатыр. Естеріңізге салайық, кеше қала орталығында екі көлік соқтығысып, біреуі екпінмен барып аялдамадағы жолаушыларды қағып кеткен еді. Оқиға орнында 3 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы