411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бұрынғы химия зауыты аймағынан өрт шықты

  • 269
Атырауда бұрынғы химия зауыты аймағынан өрт шықты

Кеше күндізгі сағат төрттер шамасында Қабдолов көшесінде орнласқан екі қабатты ғимарат жанып жатқаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне дабыл түскен болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ғимарат қаланың ортасында орналасқан. Сондай-ақ қасында Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Абырой болғанда, апатты жағдай ешқайда тараған жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер зауыт қалдығы жиналған үйіндінің отқа оранғанын анықтады. Қазір апатты жағдай толықтай ауыздықталды.

Хабар 24 телеарнасы