435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада карантинді бұзған кафелер анықталды

  • 132
  • UPD: 10:08, 21.03.2020

Елордада күн-түн демей үздіксіз қызмет еткен мейрамханалар мен дәмханалар анықталды. Карантинге байланысты той-томалақ пен мерекелік кездесу өткізуге тыйым салынғаны белгілі. Алайда осы шектеуді айналып өтпек болғандарға ескерту жасалып, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылды.

Кешкі уақытта жүргізілген рейд аясында полиция қызметкерлеріне волонтерлер көмектесті. Рейдтік шаралар әлде де жалғаса береді.

Еске сала кеткен жөн, мейрамханалар тамаққа тапсырысты тек онлайн түрде немесе қоңырау арқылы қабылдауы керек. Талапты бұзғандар айыппұл төлейді.

Дәулет Кәрібек, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Коронавирустың шығуын ары қарата таратпау, яғни осы аймақта ұстап қалу бірінші мақсаты. Екінші мақсаты бұның біз көбеюіне, басқа адамға берілуіне жол бермеу. Бизнесмендердің құқықтары қорғалған. Оларға интернет арқылы, басқа да арқылы тапсырыстарды бере беруге болады. Ал санитарлық үлгіде оларға тікелей қабылдауға болмайды. Өйткені бірге жұққан нәрсе ол ертең басқаларына да таралуы қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы