419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолалық дәрігерлер науқастың асқазанынан 800 грамнан астам металл зат алды

  • 399
  • UPD: 21:28, 14.04.2020
Ақмолалық дәрігерлер науқастың асқазанынан 800 грамнан астам металл зат алды

Көкшетауда ер адамның асқазанынан дәрігерлер жалпы салмағы 800 грамнан асатын 112 бұрамалы шеге алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Операция Ақмола облыстық ауруханасында жасалған. Оған 5 бірдей дәрігер қатысты. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, ер адам аймақтағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан. Оның осыншама шегені не үшін жұтқаны әзірге белгісіз. Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы жақсы дейді. Тіпті ауруханадан да шығып үлгерген.

Хабар 24 телеарнасы