417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды

  • 236
  • UPD: 15:32, 11.06.2020
Қарағандыда үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды

Қарағандылық патрульдік полиция аса ауыр қылмыс жасағандарды ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.

11 маусым күні таңғы 6:17 шамасында Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

«Адам өлімі туралы хабарлама түскен бойда ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қ.ПБ патрульдік полиция нарядтарымен оқиға болған жерге жақын барлық аудандарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 29 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындады», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы