417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде автобус жолаушысы билет тексерушінің аяғына балта шапты

  • 517
  • UPD: 21:28, 22.07.2020
Семейде автобус жолаушысы билет тексерушінің аяғына балта шапты

Семейде автобус жолаушыларының бірі жол жүру ақысын төлемей, оған айыппұл салмақшы болған тексерушіге шабуыл жасаған. Бұл туралы қалалық ақпарат орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Семейде жолаушылардың жолақысын тексеретін учаскелік полиция мен тексерушілерден құралған мобильді топ жұмыс істейді.

Ведомство хабарлауынша, жолақысын төлемегендерге 2 АЕК немесе 5650 теңге айыппұл салынады. Соңғы екі күнде жүзге жуық билетсіз жолаушы әкімшілік жауапқа тартылды.

Статистикаға сәйкес, жолақысын негізінен зейнеткерлікке шығуға жақын қалған адамдар мен QR-код қолданатын жастар төлемейді. Олар автобусқа отырған соң жолақысын төлейді, егер тексеруші оны тексермесе өтінішін кері қайтарып, автобус салонынан түсіп қалады. Жолақысын төлемейтін зейнеткерлер де бар. Сондай-ақ билетсіздер қатарында жанжал шығарушылар да кездеседі.

Таңертең автобус жолаушыларының бірі жол жүру ақысын төлемей, оған айыппұл салмақшы болған тексерушіге шабуыл жасаған. Жолаушы бақылаушының аяғын балтамен жарақаттаған. Оның жарасын тігуге тура келген.

Жолаушы ұсталып, қазір ішкі істер органдарында, тексеру жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы