420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында үш тонна мұнай қалдығы төгілді

  • 142
  • UPD: 14:05, 01.12.2020

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 3 тонна мұнай қалдығы жерге төгіліп қалған.

Алдын ала ақпарат бойынша жеке компанияға тиесілі мұнай тасымалдайтын көлікпен 10 тонна шикізат тасымалдап бара жатқан 1995 жылғы жүргізуші көлік бортын ашып жіберген. Салдарынан 10 шаршы метр жерге мұнай қалдығы төгіледі. Оқиға Жұмажанов атындағы ауылдық округі маңында болған. Енді қоршаған орта мен жер қатпарына қаншалықты зиян келгенін экологтар анықтайтын болады. 

Думан Бүкірбаев, М.Жұмажанов ауылдық округінің әкімі:

- Қазіргі таңда қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Толығымен тазалап, аяқтауға жақынбыз. Барлық материалдар жиналып, құзырлы органдарға жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы