378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Өкімімен ҚР ІІМ орынбасары қызметіне Алексей Калайчиди тағайындалды

  • 423
  • UPD: 17:12, 30.01.2019
Елбасы Өкімімен ҚР ІІМ орынбасары қызметіне Алексей Калайчиди тағайындалды

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

Сондай-ақ Елбасы Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

 

Хабар 24 телеарнасы