389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық саясаттанушы: Еркін сайлау Қазақстанның болашақ тағдырын белгілеп береді деген үміттеміз

  • 562
  • UPD: 15:31, 28.04.2019

Төрткүл дүние көз тіккен еліміздегі Президент сайлауына қатысты өзбекстандық саясаттанушы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан үшін бұл науқанның орны бөлек», – дейді белгілі ғалым Шерзод Зиёев. Тәуелсіздік жылдарында Ұлы дала елі алдыңғы қатардағы дамушы мемлекеттер қатарына қосылды. Қазақстан жаһандық үрдісте жаңғыру мен инновациялық жаңашылдығымен алда келеді. «Оған қоса азаттықтың ақ таңы атқан күні ядролық қарудан бас тартып, өзгелерге үлгі көрсетті», – дейді сарапшы.

Шерзод Зиёев, саясаттанушы:

- Еркін сайлау Қазақстанның болашақ тағдырын белгілеп береді деген үміттеміз. Ұлы дала елінің бейбітшілік жолында халықаралық ұйымдардың алдында көтере білген ашықтық пен тыныштық принциптерін ерекше атап өткен жөн. Бұл жерде Қазақстанның әу бастан ядролық қарудан бас тартқанын мақтанышпен айтуға болады. Әлемде орын алып жатқан түрлі шиеленістерді шешудегі ұстанымы бөлек. Сондықтан Қазақстандағы сайлау көрші елдің ғана емес, күллі Орталық Азия мемлекеттері арасында жаңа үрдіс қалыптастырады.

Хабар 24 телеарнасы