384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандық саясаттанушы президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді

  • 403
  • UPD: 15:20, 12.06.2019

Халықаралық қауымдастық Қазақстандағы президенттік сайлауға мән бергені анық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаттанушы Ильгар Велизаде көпшілік қолдауына ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанда да аса танымал. «Себебі сыртқы істер министрі қызметінде жүрген кезде ол екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына зор үлес қосып, екіжақты ынтымақтастықтың негізін қалауға атсалысқан», – деді.

Ильгар Велизаде, саясаттанушы:

- Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің саяси жүйесі өзгеріп, Қазақстан президенттік республикадан президенттік-парламенттік түріне ауысатынын жариялаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті сайланғаннан кейін осы үрдістер жаңа қарқын алады деп ойлаймын. Тап осы кезеңде Қазақстан президенттік-парламенттік республика құру бағытында белсенді қадамдар жасайды деп  жоспарланған. Бұл өз кезегінде әлеуметтің әлеуетін аттыруға сеп болмақ.

Хабар 24 телеарнасы