384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айк Халатян: Қазақстан даму жолын таңдады

  • 185
  • UPD: 15:23, 15.06.2019

Белгілі саяси шолушы Айк Халатян президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдары елді табысқа кенелтетініне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені президент үш маңызды мәселеге назар аударды. Олар – биліктің азаматтық қоғаммен тығыз әрекеттесуі және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру, кәсіпкерлікті ынталандыру мен инвестицияларды қорғау. «Бұл ретте жастарға ерекше көңіл бөлу барысы да маңызды», – дейді сарапшы.

Айк Халатян, саяси талдаушы:

- Армения халқы қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайтынына кәміл сенді. Халықтың басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беру арқылы оған деген сенімді көрсетті. Менің түсінгенім, басымдық саясатқа емес, әлеуметтік-экономикалық салаға бөлінеді. Қарапайым адамды да негізінен осы толғандыратынын тура айту керек. Кез келген мемлекеттің тиімділігі осы мәселелерді қалай шешіп жүргеніне және азаматтары қаншалықты жақсы тұратынына қарай бағаланады. Әрине, экономиканы дамытпай бұған жету мүмкін емес, сол себептен қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілерді қолдау қажеттігі ашық айтылды.

Хабар 24 телеарнасы