384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Федерика Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады

  • 144
  • UPD: 17:25, 02.07.2019
Мемлекет басшысы Федерика Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Федерика Мария Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

Федерика Мария Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы

Қаулы етемiн:

  1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық комиссияның вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могерини І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Қазақстан Республикасының

                Президентi                                                                                           Қ.Тоқаев 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 шілде                 

                                № 48

Хабар 24 телеарнасы